Аңсаған Садирханов: қазақша стендап, әкесіз өсу және қандас болу туралы / Зamandas
· 1 h 54 min · S15 E4
Episode Аңсаған Садирханов: қазақша стендап, әкесіз өсу және қандас болу туралы / Зamandas
166-шығарылымның қонағы — стендап-комик Аңсаған Садирханов. Аңсаған — танымал блогер, қазақша стендаптың жаңа жұлдызы, сценарист және іс-шаралар жүргізуші. Аңсағанның мансап жолының өзі қызыққа толы — ол Өзбекстанда дүниеге келіп, қандастарға арналған бағдарлама бойынша Қазақстанға көшіп келген. Шығармашылық мамандық грантын екі рет ала алмай қалды, мектеп жасынан бастап құрылыста жұмыс істеуге мәжбүр болды, сонымен қатар жастайынан тойларда асаба болып та табыс тапқан. Үшінші рет жолы болып, оқуға түседі. Сол кезден бастап КВН ойнайды. Аңсаған оқуын аяқтамай тастап кетеді, мұны туыстарынан жасырып айтпайды, сөйтіп толықтай шығармашылық пен шоу-бизнес саласына кетеді.
Аңсағанның әзіл айту, адамдарды күлдіру таланты қазақ стендапы әлеміне келуіне себеп болды. Ол шынайы болмысының, харизмасы мен әр қазақ түсіне алатын әзіл-оспағының арқасында тез танылды. Аңсаған Садирханов турашылдығымен, өмірге деген сүйіспеншілігімен бізді тәнті етті. Көңіліңізді көтеріп, оптимизмге бой алдырам десеңіз біздің Зamandas-тың жаңа шығарылымын тамашалауға асығыңыз.
Shows are listed from Apple Podcasts' charts and directory, and Podcast Index where it is used. Every show and episode belongs to its publisher and plays from the publisher's own feed; this site hosts none of them. Explicit shows are for adult profiles only, and children’s profiles hear only children’s shows. More about this list.